Менің альпинисткам

-

11-15 сәуірде Алматы қаласында жылдамдық, кедергі және боулдеринг пәндері бойынша жасанды бедерде спорттық өрмелеуден ҚР чемпионаты өтті. Боулдеринг - бұл  күрделі шекті жолдармен, бөлінген уақыттағы мүмкіндіктер саны ескеріліп, қысқа сериялы 5-8 тосқауыл арқылы  шыңдарға жету үшін  биіктікке өрмелеудің жаңа бір түрі.

Спортшы жолды көрмей жолға келеді және оған 4 минут уақыт бөлінеді. Аз  мүмкіндіктерді пайдалана отырып,  ішінде ең ұзақ жолды еңсерген ойыншы ұтады. Осы  чемпионатта Қостанай облысының мүддесін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті спорттық өрмелеу бойынша спорт шебері Екатерина Круть қорғады.

Өткен  жарыстар бойынша Екатерина өзінің пікірін білдірді: «Мәреден 6 адам өтеді, мен 6-шы қатарға түстім, 15 мүмкіндікте 4 бонустық ұпаймен  бірінші болып келдім. Мен 3-ші жолда (ешқандай қолдың көмегінсіз, тек қана аяқпен) ілгері жүгірумен бонусты олжалы еткен жалғыз спортшы қызбын. Қыздар жүгіріп келіп, секіруге жүрексінді. Мен соңына дейін берілмей барлық мүмкіндігімді сынап көрдім және 10 рет секіргенде бонусқа қол жеткіздім. Көңіл – күйдегі эмоциялар шексіз! Чемпионат негізгі басты байқау болып табылады, менің қуанышымда шек жоқ! «Катя демалуға уақыт жоқ, келесі межеге дайындаламыз!»- деп жігерлендірген бапкерім Владимир Викторович Ильинге және маған зор үміт артып, сенген  жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз