«Бос кеңістікте бірге серуендеу қызықты...»

2018 жылдың 16 мамырынан 21 мамыр аралығында «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтарының студенттері оқу тәжірибеден өтті. Осы тәжірибе аясында бірінші курс студенттері Щербаков кенті (Алтынсарин ауданы) - Қостанай ҚМПИ спорттық-сауықтыру базасында маршрут бойынша 6 күндік жорық жасады.

Жорықта студенттер өз дағдыларын қалыптастыратын көптеген құндылықтарға ие болды: санаттағы жорықтарды ұйымдастыру және өткізу, отта тамақ дайындау, шатыр тігу және ең бастысы - командада жұмыс істеу.

Сонымен қатар, бірінші курс студенттері техникалық тапсырмаларды меңгерді: карта бойынша жергілікті жерді бағдарлау, ілмектердің өтуін орнату және өту, батпақтар арқылы сырықтардан өту, топография және т.б.

Тәжірибеге қатысушылар демалыс күндері жорықты ұйымдастыру құқығына ие болғаны үшін Қостанай облысының спорттық туризм және альпинизм федерациясынан сертификаттар табысталды.

Бірінші курс студенттерін сертификат алуымен және де алғашқы студенттік тәжірибені сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз!

Вместе весело шагать

Вместе весело шагать

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз