Солтүстік Кипрдің Final International университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасалды

5 маусым күні Final International University ректоры, профессор Abdullah Oztoprak Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің шақыруы бойынша келді. Бұл сапардың мақсаты университеттің әкімшілігімен, ынтымақтастықтың негізгі нысандарын айқындау және жоғары оқу орындарының өзара әрекеттесу жолымен танысу болды. Келісімді дайындауға, кездесуді талқылауға интернационалдандыру жөніндегі проректор Педагогика ғылымдарының докторы, философия докторы, өнер шебері Ева Сметанова қатысты.

Final International University ректоры Солтүстік Кипрдегі ҚМПУ-дың студенттерімен тәжірибе алмасу, студенттердің магистрлік бағдарламалар бойынша оқыту, жазғы мектептегі студенттер мен мұғалімдерді оқыту мәселелеріне қызығушылық танытты. Бұл мәселелер Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлымен бірге хаттамалық кездесуде талқыланды. Кездесудің нәтижесі екі университеттер арасындағы бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

Профессор Abdullah Oztoprak француз мәдениет орталығында болды, студенттермен танысып, ҚМПУ-да француз тілін үйренудің ерекшеліктерімен танысты. Ол сондай-ақ қабылдау комиссиясының жұмысын қарап, «Туризм», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына қызығушылық танытты.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Солтүстік Кипрдің Final International университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасалды