«Туризм» мамандығы бойынша студенттерді Түркияда сынақтан өткізу туралы
- Подробности
- Опубликовано: 18 июня 2018
Caspian Center өкілдері мен дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің ынтымақтастығы нәтижесінде 2018 жылғы наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мен Caspian Center арасында бірлескен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Осы шарт аясында «Туризм» мамандығының студенттері Түркиядағы сәнді қонақ үйлерде өндірістік практикадан және халықаралық тағылымдамадан өте алады. Осы бағдарлама Caspian Center құрылтайшысы, «Түркия еліндегі 5* сәнді қонақ үйлерінде өтетін тағылдама» жобасының жетекшісі Камран Әлиев пен Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті арасында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
Осы бағдарлама бойынша мамыр айында студенттердің алдыңғы қатары Түркия еліндегі ең жақсы қонақүйлерде 6 айға созылатын тағылымдамадан өту үшін жіберілді. Қазіргі таңда Түркияда «Туризм» мамандығының 1,2,3 және 4 курс бойынша 10 студенті алынған білімдеріне сай тәжірибемен алмасуда. Бастапқыда білім алушылар тарапынан 30 өтініш келіп түсті, бірақ қонақ үйлер тек 15 студентпен шарт жасады және олардың тек 10-ына Түркияда тағылымдамадан өту үшін виза берілді. Студенттерді тағылымдамаға жіберу үшін көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді: Білім алушылар арасында сұхбаттар өткізу, соның ішінде ағылшын тілін таңдау, шарт жасасу; қонақ үйлермен шартқа тұру; визаларды ресімдеу үшін құжаттарды дайындау.
Түрікі елінің басты талаптарының бірі – практикадан өтушілердің түрік тілін меңгеруі болатын. Осы мақсатта түрік тілінен дәріс беру үшін арнайы оқытушылар шақырылды және олар бір айдың ішінде Түркияға кететін студенттер үшін арнайы курстар өткізді.
Іріктеу нәтижесі бойынша студенттерге шетелде өздерін ұстау тәртібі және басқа да бірқатар мәселелер бойынша кездесулер өткізілді. Сонымен қатар студенттердің ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, декан, кафедра меңгерушісі және Түркия тарапынан жобаны ұйымдастырушы Камран Әлиевке көкейіндегі сұрақтарды қойып, тікелей байланыс ұйымдастырылды.
Студенттердің алғашқы тобы 7 мамырда тағылымдамадан өту үшін Түркияға жіберілсе, соңғы тобы маусымның алғашқы күндерінде аттанады. Қазіргі таңда қонақ үй қызметкерлерінің пікірлері біздің студенттермен қанағаттанған. Алдағы уақытта да, біз осы бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастықта болуға үміттенеміз.