Тобыл қаласындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы

2020 жылдың 22 қаңтарында психология және педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы А.А.Агеева «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тобыл қаласы мектеп-гиназиясы» мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.Мектеп-гимназияда 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін акт залында жиналыс ұйымдастырылды. 

Жиналған ата-аналар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оқытушы Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары, университетте оқудың артықшылықтары туралы, сонымен қатар, ҚР жаңа «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып өтті. Ата-аналардың басты назары университет туралы жан-жақты қажетті ақпараттар қамтылған ақпараттық буклеттерге аударылды. Онда біздің университет қабырғасында білім алу – бұл жарқын болашаққа апаратын жол екендігі атап көрсетілді.

Кездесу ата-аналармен ашық-жарқын, шынайы қарым-қатынаста өтті. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-ға оқуға түсуде мектеп түлектерінің мемлекеттік грант игеру атанудың мүмкіндіктері, сол сияқты ақылы негізде оқудың жолдары нақты мысалдармен және нұсқалы мүмкіндіктермен түсіндіріліді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Тобыл қаласындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы