ҚМПУ-дағы Алтынсарин оқулары
- Подробности
- Опубликовано: 31 января 2020
2020 жылдың 31 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Білім беру сапасын жетілдірудегі педагогикалық жоғары оқу орны мен мектептің интеграциясының мәселелері мен жаңа бағдарлары» атты дәстүрлі Алтынсарин оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараны өткізудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – ҚМПУ психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы.
Конференция білім беру процесінің сапасын арттыруға, білім беру мазмұнын жаңартуға, оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізуге, ғылым мен тәжірибені интеграциялау жолдарына, маңызды міндеттерді шешуде білім беру процесінің барлық субъектілерінің өзара қызметіне байланысты өзекті мәселелерді кәсіби халықаралық қоғамдастықпен талқылау және жалпылау мақсатында өткізілді.
Еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Көкшетау, Арқалық қалаларының педагогтары, Қостанай облысының барлық аудандарының, Қостанай қаласының, НЗМ мұғалімдері, педагогикалық шеберлік орталығының, колледж оқытушылары, ҚМПУ және ҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының зерттеушілерінен бөлек, Ресей Федерациясының Мәскеу, Орехово-Зуево, Челябинск қалаларынан және басқа да аймақтарынан, сондай-ақ Белоруссия, Өзбекстан, Украинадан конференцияға 250-ден астам баяндама ұсынды.
Секциялық отырыс соңында қатысушылар сертификаттар алып, конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылдады.
Фотогалерея:https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2984434844909922