«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» онлайн вебинар
- Подробности
- Опубликовано: 16 апреля 2020
Үстіміздегі жыл сәуір айының он алтыншы жұлдызында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы меңгерушісі міндетін атқарушы Қалиев Дастан Дүйсенұлы және де педагогика кафедрасының оқытушысы Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына сындарлы көзқарас» тақырыбында университет студенттерімен бірге онлайн вебинар өткізді.
Вебинар барысында оқытушылар аталған жобаның отандың білім беру саласының дамуына тигізетін әсерін білім алушыларға түсіндіріп, олармен бірге осы тақырыпта дөңгелек үстел форматында ой бөлісіп, пікір алмасу барысында туындаған сұрақтарына жауап берді.
Аталған іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының білімгерлері де қатысып, өздерін толғандырып жүрген кейбір сұрақтар бойынша орта және жоғары білім беру саласында қызмет атқарып жүрген мамандардан жауап алды.