«МД және ББ» каферасы студенттерінің қашықтықтан оқыту барысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары

Студенттерді ғылыми жұмысқа тарту мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ғылыммен айналысатын білім алушы өзін қызықтыратын тақырыпты тереңірек зерттейді және ғылыми іс-шараларға: конференция, олимпиада, студенттік ғылыми үйірмелер, дөңгелек үстелдерге, шеберлік класстарға қатысу – оның әлеуетін анықтауға және зияткерлік қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Ғылыми конференцияның негізгі мақсаты –болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы олардың аймақтық және ғаламдық сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге қатысуы үшін кеңістік құру болып табылады.

Сонымен, 2020 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Қазіргі заманғы әлемдегі ғылым мен білім: ХХІ ғасырдың мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Педагогика  ғылымдарының доценті С.А.Байжанованың  ғылыми жетекшілігімен «БОПӘ» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері М.Жолмагамбетова және Ж.Жабагина зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша мақалаларын жариялады

17 наурыздда Нұр-Сұлтан қаласында «Үздік жас ғалым» конференциясы өтті. «БОПӘ» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті П. Фирсова қашықтықтан сөйлеп, алғыс хат алды. Жетекшісі Жандауова Ш.Е.

Г. Э. Шильке «БОПӘ» 4 - курс "ПОЗНАНИЕ "Бүкілресейлік педагогикалық журналында мақала жариялады. Ғылыми жетекшісі п. ғ. к., Данильченко Г. И.

Қашықтықтан оқыту түрінің білім алушылары ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. 2020 жылғы 25 наурызда Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде «КӘСІБИ БІЛІМДЕР МАМАНДЫҚ ЖЕКЕ САНАТЫ» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған «БОПӘ» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы О.Р.Захарова қатысты. Жетекшісі  Жандауова Ш.Е.

А.Алмухамедова республикалық қашықтық олимпиада орталығының rkdo.kz порталында «Бастауыш мектепте «тыңдалым-айтылым, оқылым және жазылым» дағдыларын қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында мақала жариялады. Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доценті Е.Д.Ли.

А.С. Бермұхамбетова «Жас ғалым» халықаралық ғылыми журналында мақала жариялады. Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Е.Д.Ли

НИРС дистанционно на кафедре ДиНО

НИРС дистанционно на кафедре ДиНО

НИРС дистанционно на кафедре ДиНО

НИРС дистанционно на кафедре ДиНО

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «МД және ББ» каферасы студенттерінің қашықтықтан оқыту барысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары