Өндірістік тәжірибе студенттерге мамандыққа байланысты жасаған таңдаулары дұрыс екенін көрсетті!

2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін "Дефектология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында біздің университет студенттері белсенділік, ұйымшылдық, тәртіп, бастамашылық, сонымен қатар балалармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер өз бетімен сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Машықтану қорытындысы бойынша студенттер білім беру мекемелерінде және оқу үдерісін ұйымдастыруда мол тәжірибе алды. Практикадан өту барысында барлық студенттер теориялық білімдерін бекітті.

Практиканың нәтижелілігі туралы Тевс А. және Сарсенбаева Ж. студенттерінің алғыс сөздерін мысалға келтіруге болады:

Тевс Анастасия, 3 курс:

"3 курста өткен тәжірибе менің өмірімде үлкен із қалдырды. Мен үлкен педагогикалық тәжірибе, жаңа білім алдым, сабақтарда жаңа технологияларды қолдана алдым және ең бастысы балалармен байланыс орната білдім. Практиканың арқасында мен туындаған педагогикалық жағдайларға дұрыс әрекет етуді үйрендім. Кейде қиын болды, бірақ менің ойымша, бірінші кезекте өз алдыма қойған мақсаттарға қол жеткізе алдым.

Сарсенбаева Жанара, 4 курс:

"Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің "№ 21 негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінде тәжірибеден өту кезінде мен сабақ жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруды, уақытты тиімді бөлуді және сабақ барысында оқу материалын еркін бағдарлауды үйрендім. Тәжірибе бұрын оқыған теориялық материалды қайталау үшін тамаша мүмкіндік болды".

Өндірістік практикадан өту – түлектер үшін тиімді және қажетті кезең болды. Өндірістік тәжірибе студенттерге мамандыққа байланысты жасаған таңдаулары дұрыс екенін көрсетті!

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Өндірістік тәжірибе студенттерге мамандыққа байланысты жасаған таңдаулары дұрыс екенін көрсетті!