Сайттың презентациясы «Студенттердің патриоттық қоғамы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Студенттердің патриоттық қоғамы» (http://patriots.kz) ресми сайтының салтанатты презентациясы болды. Сайт Мурзагалиев Р., Старжинская Ю., Жекеева А., Жуматаева И., Пушкарева А., Тулубаева Э. және тағы да басқалар мүшелері болып табылатын студенттердің зерттеу тобы жұмысының қорытындысы негізінде құрылды.

Аталмыш топтың жетекшілері психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Е.Н., Бримжанова К.С., Разумова Л.П.
Бұл қоғамды қалыптастыру аясында Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейі базасындағы тәжірибелік алаңда Қазақстандық патриотизмді және жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының толеранттылығын қалыптастыру жобалық-шығармашылық жұмыстар жүзеге асырылды. Студенттер тәрбиелік іс-шаралар, ойын түріндегі тақырыптық сынып сағаттарын, тренинг сабақтар, кері байланыстар, Қостанай облыстық Достық үйінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Іс-шараның түпкі мақсаты өмір сүруге қабілеітт толерантты тұлғаны тәрбиелеуге және қоғаммен толық қарым-қатынас жасауына әсер етуге бағытталды.
Іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері қатысты. Студенттер өздерінің қызметтерінің барысын айқын көрсете білді, студенттер мен зерттелетін тақырыптар арасында тәжірибе алмасуы жүргізілетін сайт презентацияланды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Сайттың презентациясы «Студенттердің патриоттық қоғамы»