Мектеп пен ЖОО: бетпе-бет

2016 жылдың 09 желтоқсанында ҚМПИ-нда жұмыс берушімен кері байланысты жүзеге асыру, болашақ мамандардың пәндік құзыреттіліктерін және қазіргі білім беру жағдайына жағымды кәсіби ынталарын қалыптастыру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «ҚР-ның қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» тақырыбында семинар өткізілді. Модераторлар: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры Шинбулатова Канзада Бектыбаевна және кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна. Қатысушылар: «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарының студенттері. Семинар қосарлы дәріс және коучинг түрінде өтті және де студенттер аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырды. Студенттер Ханзада Бектыбаевнамен бетпе-бет жүздесу барысында өздерінде туындаған сұрақтары бойынша жан-жақты ақыл-кеңес алып, болашақ педагог мамандары ретінде қажетті ақпараттар алды. Осындай ЖОО-ның оқу үрдісіне тәжірибелік мамандарды тарту жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын табады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз