Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының Қостанай ауданы мектептерімен байланысы туралы

ppf-mks25.10.16

Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының байланыс орнату меморандумы аясында 2016 жылдың 25 қазанында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысына қатысуға институттың «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының қазақ бөлімінің 3-4 курс студенттері шақырылды. Студенттер тарапынан Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері Шунгулова Р.А., Иргасимова Д.И., Мырзаханова Ш.К. 4 және 2 сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінен, 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен өткізген ашық сабақтары үлкен қызығушылық тудырды.

Кафедраның доценті, педагогика ғылымының кандидаты Байжанова С.А. және аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Д.Х. жетекшілігімен қатысқан сабақтарға жан-жақты талдау жасалды. Жұмыс нәтижесі бойынша шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру мәселесі бойынша болашақта байланыс орнатудың жолдары белгіленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының Қостанай ауданы мектептерімен байланысы туралы