Дені саудың – рухы сау!

22.11.16

2016 жылғы 25 қазан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Білім беру және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымының ұйымдастыруымен облыстық Спартакиада өтті. Бұл жарыс Затобол кентінің орталық стадионында өтті. Жарысқа қатысқандар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыс колледждердің , ЖОО-ның және жалпы орта білім беретін мектептердің қызметкерлері. Салтанатты ашылудан кейін келесі түрлерден жарыстар басталды: әйелдер арасында 500 метрге жүгіру, ерлер арасында 1000 метрге жүгіру, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымынан 13 адам қатысып, институтымыздың намысын қорғап, қорытынды нәтижесінде ЖОО арасында 2 орынға ие болды. Психология және педагогика факультеті педагогика кафедрасының аға оқытушысы Байменова К.С. жеке жарыста 3 орын алды. Жеңімпаздар грамоталармен және ақшадай сыйлықпен марапатталды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз