Студенттер айтысы

12.10.16

2016 жылғы 12 қазан күні «Ашық есік күні-2016» акциясы аясында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырған шаралардың легі студенттер айтысымен тәмамдалды. Айтыс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналып өткізілді. Айтысты психология-педагогика факультетінің 1 курс студенттері ерекше ықыласпен тамашалаған болатын. Ақындардың екпінін бағамдап, өнерін бағалаушы қазылар қатарында ақын, журналист, сықақшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, ақын, журналист, Ыбырайтанушы, Қазақстан және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ құрметті профессоры, э.ғ.к., «Естаев» ШҚ басшысы Естаев Ибраш Естайұлы, ақын, журналист, «Қазақ радиосының» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы болды. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегері, Қостанай мемлекттік педагогикалық институты 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Ақбаба Нүрияға берілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз