ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫ

10.10.16

2016 жылғы 10 қазанда "Челябі мемлекеттік университеті" жоғарғы кәсіби білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Қостанай филиалының мәжіліс залында ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өтті. Конференцияға бірнеше оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кадралинова Марияш Тлеугабыловна және т.б. қатысты. Бұл ғылыми семинарға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, аға оқытушы Шалгимбекова Алия Батырхановна және «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері де қатысты. Біздің студенттер Ы.Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық қызметі тақырыбы бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, белсене қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті, тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз