«Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы

2016 жылдың 5 қазан айында Қазақстан Республикасындағы Отбасы күнін меркелеуіне арналған «Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы өтті. Бұл форум Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында өткізілді. Форум Қостанай шығармашылық Білім бөлімінің баллалар шығармашылығы мектебінде өтті. Бұл мерекеге қатысушылар: ата – аналар қоғамы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері, «Өз елімнің тарихындағы өз отбасым» облыстық байқауының жеңімпаздары. Барлығы 120 адам.

Форум 2 бөлімнен тұрды: Бірінші жартсында пленарлық отырыс, «Өз елімнің тарихындағы өз отбасым » облыстық байқау материалдарының көрмесі, Залда- Отбасылық тәрбие беру институтының бейне роликтері көрсетіліп отырды. Сондай – ақ «Отбасыларды психологиялық – педагогикалық қолдауға бағытталған ресурстық орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасының тұсау кесерін өткізген оның төрағасы Зуева Т.В.

Бұл форумға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан қатысқан Шалгимбекова А.Б. ППФ педагогика кафедрасының аға оқытушысы. Ол баяндама – презентация ретінде «Жастарды отбасылық өмірге дайындау, отбасы институтының тұрақты дамуының кепілі» атты тақырыппен талқыланды. Форумның мақсаты мен нәтижесі: Қазақстандық отбасы институты тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ғылыми тәжірбиелік аспектілермен Қазақстан азаматтарының жаңа буынның қалыптасуындағы отбасы тәрбиесінің рөлін арттыру.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы