Жетекші ғалым Е. В. Бережновамен кездесу

Ресей білім беру академиясының «Білім берудің теориясы мен стратегиясының Институты» Федералдық мемлекеттік ғылыми бюджеттік мекемесі мен Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты арасындағы келісім шартты іске асыру шеңбері барысында, 2 ақпанда Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты базасында жетекші ғалым Е. В. Бережновамен кездесу болып өтті.

Кездесу барысында мына сұрақтар талқыланды:

  • ҚМПИ және РБА БТСИ ғылыми-ізденіс қызметі шеңберінде тәжірибелік-эксперименттік жұмысты және білім беру саласындағы инновациялық қызмет бағдарламаларын іске асыру.
  • Мемлекетаралық білім беру, ғылым, мәдениет саласында ынтымақтастық пен перспективті бағыт шеңберіндегі педагогикалық практикада ҚМПИ мен РБА БТСИ арасындағы инновациялық қызмет бірлестігін РБА БТСИ ҒІЖ-ның нәтижесіне енгізу.
  • РБА БТСИ ҒІЖ нәтижесі негізінде және ҚМПИ мен РБА БТСИ магистратура, аспирантура, докторантура арқылы педагогикалық кадрларды дайындау және педагогикалық практиканың әр түрлі саласында педагогикалық кадрлар құзіреттілігін арттыру.

Әріптестер практикалық бағыттылық пен әңгіме мазмұнының ғылыми тереңдігін атап өтті. Сондай-ақ әріптестер, кездесуді ұйымдастырған Бережнова Е.В. мен Өтегенова Б.М. алғысын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз