«Арнайы білім берудегі қазіргі білім беру технологиялары»
- Подробности
- Опубликовано: 30 января 2017
2017 жылдың 30 қаңтарында психология және дефектология кафедрасында "Арнайы білім берудегі қазіргі білім беру технологиялары" атты әдістемелік семинар өткізілді. Бұл әдістемелік семинарды өткізу мақсаты арнайы білім беруде инновациялық технологияларды енгізу барысында психологиялық-педагогикалық аспектілерді талқылау.
Семинарға психология және дефектология кафедрасының оқытушылары және "Дефектология" мамандығының студенттері, сонымен қатар арнайы білім беру мекемелерден шақырылған қонақтар:Басова Ирина Анатольевна мен Вайнбергер Светлана Михайловна Қостанай облысы білім бөлімі әкімдігінің ҚММ "Ерекше оқытуды қажет ететін балалар үшін Рудный арнайы мектебі"; Жумабаева Гульшат Тогузбаевна ҚММ "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" меңгерушісі; Коваленко Наталья Евгеньевна мен Егорычева Ольга Сергеевна Қостанай облысы білім бөлімі әкімдігінің ҚММ "Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға № 3 Қостанай мектеп-интернаты" қатысты.
Семинар барысында арнайы білім беру ұйымдарында практикалық қызметте ақпараттық технологияларды пайдалану сұрақтары талқыланды. Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті. "Арнайы білім берудегі қазіргі білім беру технологиялары" әдістемелік семинар жұмысына барлық қатысқанға сертификаттар берілді, осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізуге көмектесу үшін мектеп директорларына алғыс хаттар жіберілді.