ППФ ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

3.02.2017 ж. психология-педагогика факультетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бойынша жиыны өтті.  Жиында оқу-әлеуметтік тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жакаева С.А., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, Dph Қозыбаева М.М. және психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айдналиева Н.А. Елбасы Жолдауының төртінші және бесінші басымдықтарын жүзеге асыруда білім беру қызметкерлері үшін айрықша жауапкершіліктің жүктелетіндігін айтты.

Баяндамашылар аға оқытушы, магистр Молдахметова Г.М., аға оқытушы Бисембаева А.К. Жолдаудың әрбір басымдықтары туралы айта келе, төртінші басымдық бойынша жас ұрпақтың сын тұрғысында ойлауын, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту, заман талабына сай ағылшын тілін жетік білу қажеттігіне баса назар аударылып отырғандығын және жемқорлыққа, діни экстремизмге қарсы жұмыстардың одан әрі күшейтілетінін жеткізді.  Президент Жолдауындағы басымдықтарға шолу жасаған баяндамашылардан соң жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Қазақстан халқына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың - мемлекеттік тілді оқыту психологиялық-педагогикалық факультетінің 1-2 курс студенттері арасында 8 ақпан, 2017ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру аға оқытушы кураторлық сағат өткізілді. Бұл іс-шара патриоттық студенттік аудиторияның, студенттердің азаматтық сауаттылыққа қалыптастыруға ықпал етті. Аудио-көрнекі құралдар қызметі үшін барлық материал ғана қолжетімді және баяндалған болатын онда (бейнелерді, презентация материал), қолданылған.

  

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті ППФ ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау