«Алғыс айту» күні
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2017
2017 жылғы 1 март «Алғыс айту» күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Баян Кусаиновна және «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында болып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Студенттер рөлдік ойындар, тренингтер өткізіп, ән айтып, би билеп ондағы балалардың көңілін көтерді. Әсем әуен, көңілді ойындар балалардың шығармашылығын оятып, оларда өлеңдер оқып, би билеп, ән салып ңісағымды атмосфера жағыдайында өтті. Орталықтың басшылары мен тәрбиешілері іс-шараның өтуіне жағдай жасап, балалармен бірге белсенді қатысты.