«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік кеш
- Подробности
- Опубликовано: 16 марта 2017
2017 жылдың наурыз айының 16-сы, сағат 16. 00-де студенттер үйінде Жатахана студенттері үшін «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы, педагогика кафедрасының меңгерушісі Өтегенова Бибігул Мазанқызы және кафедра оқытушылары қатысты. Кешті Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы құттықтау сөзден бастады. Көрермендерге ән-күймен бірге НАУРЫЗ КӨЖЕ, БАУЫРСАҚ, ЖЕНТ үлестірілді және ШАШУ шашылды.
Бұл күні күн мен түннің теңелген күні болып, қыс қайтып көктем келген табиғаттың шендестірілген, егін егу науқаны басталған үлкен мейрам саналады. Жер беті жылып, көктің қаулап шығуы жасарудың, жаңғырудың белгісіндей көрінеді. Осы жайында «Ай мен Күн» көрінісі көрсетілді. Наурыз мейрамында біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ең асыл мұрамыз – айтыс өнерін ҚТ және Ә мамандығының студенттері Пернебек Айдана мен Рүстемов Думанның «Қыз бен жігіт» айтысынан көре білдік.
Салт – дәстүрді ардақтау барысында Бесікке салу дәстүрін көрсетті. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Ол ойын жастарды, балаларды бірлікке, достыққа, дәлдеп атуға, ұжымшылдыққа үйретеді. Көрермендермен бірге «Асық ату» ойынынан сайыс жүргізілді. Кеш соңында мерекелік іс-шараны ұйымдастырушы Гүлшат Бақытжанқызы көрермендерді мерекемен құттықтап, мерекелік іс-шараға қатысқан студенттерге алғысын білдірді.