Білімге қосқан үлесі үшін

ОФ «Қостанай меценаттар Клубы» Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы   «Қазына» және «Шабыт» премиясы бойынша конкурс жариялады. «Білім беру» номинациясы бойынша ҚМПИ педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, білім берудің құрметті қызметкері Өтегенова Бибикуль Мазанқызы жеңіп алды.

Ізденуші кәсіби қызметі негізінде - ЖОО және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына, сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің білім беруді жаһандану мен реформалау бағдарламаларын жүзеге асыру жағдайында,облыс және қала мектептерінің инновациялық үрдісінде ғылыми-әдістемелік  дамуына өз үлесін қосты.

Бибикуль Мазанқызы 2016 жыл ішінде ғылыми-практикалық конференцияларда, облыс педагогтары үшін семинарлар да және онлайн – конференцияларға қатысты. Педагогтарға көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтар шығарды, оқу құралдары, қазақстандық білім берудің өзекті мәселелері жайлы 10 астам мақалалары беделді баспаларда жарыққа шығарды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз