«Реформалау мен жаңғырту шарттарвндағы замануи мектеп атты» дөнгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 07 апреля 2017
07.04.2017 педагогика кафедрасының апталығында «дөнгелек үстел» өтті. Қатысуға шақырылды № 2 мектеп-лицейінің директоры Дандыбаева Гулфия Төлегенқызы, № 5 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры Исетова Багытжан Кабдилкапаровна, сондай ақ ҚМПИ қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович, ҚМПИ Оқу үрдісін жоспарлау және инновациялық даму бөлімінің мамандары Бекентаева Айман Кожаковна, Ищанова Раиса Садыкпаевна, психология – педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері.
Қонақтарды таныстырудан соң модератор Шалгимбекова А.Б. педагогика кафедрасының меңгерушісіне Утегенова Б.М. сөз берді. Жаңғырту шарттарындағы заманауи мектептің мәселелері қарастырылды: Заманауи мектептің оқу – тәрбие үдерісіндегі кілттік өзгерістер, заманауи мектептегі жаңғарту барысындағы кездесетін қиыншылықтар, заманауи кезеңде мектептің дамуындағы сапасы және нәтижелілігі т.б. Дандыбаева Гулфия Төлегенқызы оқушылардың критериялық бағалау жөнінде сөз көтерді, педагогикалық мамандарды дайындау, мектептің материалдық базасы туралы әңгімеледі. Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры Исетова Багытжан Кабдилкапаровна кадеттік білім беру тәжірибесімен бөлісті және әскери – патриоттық тәрбие жүйесі туралы сөз бөлісті.
Іс –шара тиімді өтті, дөңгелек үстел қатысушылар белсенді қатысып сұрақтар қойып отырды және сол сұрақтарға қанағаттарлық жауап алды. Талқылау еркін түрде өтті.