Педагогика кафедрасының мұғалімдерінің ғылыми еңбектерінің көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 03 апреля 2017
2017 жылдың 3 сәуір күні № 211 компьютерлік – әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасының мұғалімдерінің ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды.Көрменің мақсаты: өздігінен білім алу үдерісінде оқырман студенттерге көмек беру, педагогика ғылымына қызығушылықтарын ояту. Экспозиция құрамына соңғы жылдары жарияланған оқытушылардың шығармалар кірді. Қойылымдық стендта көптеген жұмыстар көрсетілді. Осы көрмеге институттың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, студенттер, оқытушылар қатысып, жаңа әдебиеттерге назар аударды.
Көрме стендта ҚМПИ оқытушылардың монографиялары, оқу құралдары, электрондық оқу кітаптары, Халықаралық, Республикалық ғылыми – практикалық конференциялардың мақалалары ұсынылған. Педагогика кафедрасының меңгерушісі Утегенова Б.М. қонақтарды осы оқытушылардың еңбектерімен таныстырып студенттерді кітаптарды оқуға және оқытушылардың ғылыми еңбектерімен танысуға шақырды, өйткені адамның рухани құндылығы кітаптардан басталады. Шумейко Т.С. педагогика ғылымдарының кандидаты студенттердің алдында жақсы тілегімен және алғыс сөз айтты. Педагогика апталығы барысында студенттер педагогика кафедрасының оқытушыларының еңбектерімен танысуға мүмкіндік алады.