Республикалық онлайн – семинар «Сөйлеудің бұзылуын коррекциялаудағы логопедиялық массаж»
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2017
05.04.2017 жылы психология және дефектология кафедра меңгерушісі Лиходедова Л.Н., аға оқытушы, магистр Алипбаева Г.А., аға оқытушы, магистр Казакова О.В., аға оқытушы, магистр Кожанова Д.К., сонымен бірге, «Дефектология» мамандығының студенттері «Сөйлеудің бұзылуын коррекциялаудағы логопедиялық массаж» атты Республикалық онлайн – семинарға қатысты, ЖОО: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен, М. Козыбаев атындағы Солтүстік - Қазақстан мемлекеттік университетімен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе өткізілді.
Онлайн – семинардың мақсаты: Болашақ мамандарды логопедиялық массаждың физиологиялық ерекшелігі білімін, сөйлеудің бұзылуын коррекциялаудағы логопедиялық массаж техникасын меңгеруді кешенді оқыту.
Семинар барысында психология және дефектология кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Лиходедова Л.Н.: «Мектепке дейінгі балалардағы сөйлеудің күрделенуін, бұзылуын ерте коррекциялаудағы және алдын алудағы логопедиялық массаж» тақырыбында баяндамамен қатысты. Осы тақырыпқа байланысты сұрақтарман хабарламалар алмасты. Онда логопедиялық массаждың физиологиялық ерекшелігі; мақсаты, міндеттері, логопедиялық массаждың негізгі түрлері, логопедиялық массажды өткізудегі пайдасы мен кедергілері, мектепке дейінгі балалардағы сөйлеудің күрделенуін, бұзылуын ерте коррекциялаудағы және алдын алудағы логопедиялық массаждың практикалық әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Семинарға қатысушылар ұсынылған ақпаратқа үлкен қызығышылықтарын білдірді; жоо профессорлық-оқытушылар құрамына студенттерді, болашақ дефектологтарды, логопедтерді даярлаудағы жан-жақты пайдалы өзара іс-әрекеттерін жетілдірудегі еңбектеріне алғыс білдірді.