«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі

2017 жылдың сәуір айының 24-28 аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан жасаған жұмыстары қойылды. Бұл көрме эстетикалық тәрбиеде айнала қоршаған ортадан әдемілікті көре білуге, еленбейтін заттан сұлулықты көруге баулиды.

Жалпы,қорытындылай келгенде студенттерді, бейнелеу өнері арқылы шығармашылық көркем мәдениеттің мұрагері етіп тәрбиелеу. Суретші көзімен қарайтын көрермен тәрбиелеу. Нағыз суретші, ақын болу жүздің бірі, мыңның бірі. Ал, көрермен әрқайсымыз болуымыз мүмкін. Жай көру бар,көркем көру бар. Өнерді түсіне білетін,өнерді бағалай,саралай білетін Суретші - Көрермен тәрбиелеу.

Көрмеде студенттердің қолдан жасаған еңбектері өте жоғары дәрежеде орындалды. Көрмеде студенттердің 50-ден астам экспонат жұмыстары қойылды. Көрменің салтанатты ашылуын педагогика ғылымдарының кандидаты Дайкер Александра Филиповна, п.ғ.магистрлері,аға оқытушылар Мукалиева Баян Хамзовна мен Разумова Лидия Павловна ашты. Сәндік-қолданбалы өнер жұмысына үлкен көңіл бөлінген. Ұсынылып отырған жұмыстардың тәрбиелік мәні зор, сонымен қатар оның танымдық және шығармашылық жұмыстардың жағы да өте құнды.

2017.04.28

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі