Студенттердің зерттеу жұмысына байқау
- Подробности
- Опубликовано: 18 октября 2017
Қазан айының 18 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Ұлы қазақтың ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринның туған күніне арналған студенттерінің зерттеу жұмысына байқау өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Байқаудың мақсаты: Ыбырай Алтынсарин педагогикалық шығармашылығын зерттеу және оны қазіргі заманауи оқу-тәрбие істеріне кіріктіру болып табылды. Байқау төмендегі номинациялар бойынша жүргізілді:
- Ыбырайдың тұлғасы және көзқарастары. Біртуар тұлғаның қалыптасу бастауы.
- Ыбырай Алтынсаринның ағартушы-педагог және қоғамдық-саяси қызметі.
- Ыбырай Алтынсаринның әдеби-шығармашыл мұрасы.
- Ыбырай Алтынсаринның Қазақстан тарихындағы тұлғалық рөлі.
Байқау қорытындысы бойынша белсенді деген студенттер бағалы сыйлықтар, диплом және сертификаттармен марапатталды.