Өз жүрегіңді ал, оны батыл жақ, мәңгі жанып тұрсын деп, балаға оны сыйға тарт!
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2017
Бірінші курс студенттерін болашақ кәсіби қызметіне дайындау жұмысы "Ровесник" педагогикалық отрядының жыл сайынғы дәстүріне айналған. Отрядтың мақсаты болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық кәсіби – құзыретілігін, белсенділігін қалыптастыруға, сондай-ақ оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайларына ықпал ететін шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Бірінші курс студенттері берсенділікпен және қызығушылықпен жұмысқа кірісті. Әріптестік және жұмыс барысында студенттер әлеуметтену және үйренісу сатыларынан өтті. Үш жасақтың жұмыстарына қатыса отырып оқушыларды ұйымдастырудың белсенді әдістерімен танысты; тұлғалық потенциалдың жүзеге асырылуына, кәсіби қызығушылықтарының және тұлғаның бағыттылығының кеңеюіне қол жеткізе алды.
Іс-тәжірибенің аяқталуына қарай «Ровесник» педагогикалық жасағының нұсқаушыларының ұйымдастыруымен студенттердің кәсіби мәселелерді шешу барысындағы қолы жеткен білік және дағдыларды, сонымен қатар өзіндік білімдерін тексеру мақсатында емтихан өткізілді. Емтихан екі кезең бойынша өтті: практикалық – берілген билет бойынша қызметті көрсету және теориялық – тестілеу.
Жалпы алғанда, студенттердің алған әсерлері жағымды, олардың көпшілігі осындай жұмыстардың пайдалылығын және қажеттілігін атап көрсетеді. Олар шынайы педагогикадық жағдаяттарда психо-пелагогикалық теорияны саналы түрде қолдануды үйренді, сондай-ақ, ұжымда, командада жұмыс жасау дағдыларына, жаңа білім мен тәжірибеге, өздерін басқа да салаларда байқап көру мүмкіндіктеріне кол жекізді.
Жастардың интеллектуалды және адамгершілік деңгейін көтеру заманауи қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Жастардың психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, студент жастарды қоғамдық пайдалы қызметтерге араластыру.
Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе аяқталуына қарай студенттер педагогика кафедрасына, «Ровесник» педагогикалық жасағы толыққанды ұйымдастырылған жұмыс және әсерлі бағдарламалары үшін өз алғыстарын білдірді.