«Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі»

2017 жылдың 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыпу аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова Сауле Аскарбековна «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты бойынша Қазақстан Республикасының отбасылық-демографиялық саясатының негізгі жағдайы жан-жақты толық ашылды, отбасының түрлері, отбасындағы тәрбие стилдері, ұстанымдары мен қызметі анықталды, сонымен қатар, кіші мектеп жасындағы оқушылармен ата-аналардың жұмыс түрлеріне талдау жасалды.

Адамның бойында рухани құндылықты, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтауды, білімділікті қалыптастыруды анықтайтын роль отбасына тиесілі. Демография мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды құрылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 33 жылға есептеліп жоспарланған 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Стратегиясында «Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады» деп ерекше атап өтті. Республикада отбасын сақтау және қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын көтеру бойынша кешенді жұмыс жүйесі құрылды.

Сабақ барысында студенттер отбасы мен тәрбие туралы өздерінің жеке көзқарасын білдіріп, пікірталаста белсенділік танытты, мәселелік сұрақтарға жауап берді. Дәріс барысында студенттердің дайындаған өз отбастары, ата-аналары туралы жақсы презентациялары қарастырылды. Әлеуметтік тұрғыда ұсынылған бейнетаспа жан-жақты талданды, отбасы түрлері мен қызметі туралы орындалған топтық жұмыс қорғалды, кіші мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін ата-ана жұмысының түрлі нұсқалары ұсынылды.

14-11-17

14-11-17

14-11-17

14-11-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі»