«Ұлттық бірегейлікті сақтау»
- Подробности
- Опубликовано: 24 ноября 2017
«Рухани жанғыру» бағдарлама және психология - педагогика факультетінің жоспары бойынша 2017 жылы 24 қараша айында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбы бойынша дөгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына арнайы шақырған қонағымыз Қазахстан тарихы кафедрасының тарих магистрі Абильмаликов Куаныш Кабдулаевич, психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары Алипбаева Гульжан Агибаевна және осы факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл іс- әрекеттің модераторы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Алия Батырхановна болды. Алғы сөзбен психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары дөңгелек үстелдің жұмысын бастады.
Талқылаудың негізгі бағыттары: ұлттық бірегейлікті сақтау, қазақстанның рәміздері мен белгілері, мелекет, азаматтық, заңнамалық, тіл, дін, тарих ,ұлттық бірегейліктің мәртебесі т.б. Абильмаликов Куаныш Кабдулаевич қатысушылардын назарын келесі мәселелерге аударды: ұлттық бірегейлік бұл заманауи әлемде өзіңді өзің таба алуға мүмкіндік беретін стратегиялық капитал, ұлттық бірегейліктің екі қыры бар: ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстағы «Мен» өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Дөңгелек үстелдің соныңда ұлттық бірегейліктің алтын ережесіне тоқталдық: ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Талқыланып отырған мәселегі студенттер сұрақтар қойып, белсенді қатысып отырды және өз көзқарастарын білдіріп отырды. Дөңгелек үстелдің жұмысы жемісті өтті.