Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен ынтымақтастық
- Подробности
- Опубликовано: 23 ноября 2017
Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында 2017 жылдың 23 қарашасында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гиназиясында «Шағын жинақталған мектепте кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалаушылық-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға қатысуға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ бөлімі) шақырылды.
Семинар жоспарына сәйкес жұмыс қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларыныңфункционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері Байзакова Г.Д. 4-сыныптың әдебиеттік оқу сабағынан «Қанышбұлақ» тақырыбында, Ибраева Ж.Б. 2-сыныптың қазақ тілі сабағынан «Диалог. Сөйлем дегенеміз не?» тақырыбында, Байкасынова А.К. 3-сыныптың әдебиеттік оқу сабағынан «Қобыланды Батыр» тақырыбында ашық сабақ берді. Семинар соңы «Ойнайық та, ойлайық!» атты көңілді ән-бимен ұласқан сынып сағатымен аяқталды.
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова С.А. және кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Д.Х. басшылығымен өткізілген сабақтарға жан-жақты талдау жасалып, әр пән бойынша қолданылған оқыту әдістері талқыланды. Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен шағын жинақталған мектептерде бастауыш білімнің жаңартылған білім беру мазмұны мәселелері бойынша алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастырудың жолдары анықталды.