«Туған жер-туған ел» атты патриоттық плакаттар сайысының қорытынды есебі
- Подробности
- Опубликовано: 01 ноября 2017
2017 жылдың 1 қарашасында Психология және педагогика факультетінде «Туған жер-туған ел» атты патриоттық плакаттар сайысы өтті.
Конкурстың басты мақсаты мен міндеттері:
«Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру шеңберінде студеттердің бойындағы елдің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау.
Сайысты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3курс студенттері Балтабаева Гүлнұр мен Шаисламова Азиза жүргізді.
Гүлнұр мен Азиза патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,өскен ауылына, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріне деген сүйіспеншілікпен басталатыны туралы айтты. Осы плакаттар сайысында әр мамандықтың студенттері өздерінің ватман қағаздарында бейнелеген колоритті суреттерін өлең шумақтарымен,ән,жырмен Егеменді Қазақстан елінде тұрып жатқандарын мақтанышпен жеткізіп,Тәуелсіз Қазақстан ұрпақтарының сауатты да салмақты екенін көрсете білді.
Конкурс туралы ережелерге сәйкес студенттерге номинациялар беріліп,конкурс нәтижесінде белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Конкурсты ұйымдастырған аға оқытушы Мукалиева Б.Х.