ҚМПИ Студенттер үйінде күйзелісті көтере білу бойынша тренинг өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2017
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Ю.Б.Григорова, О.В.Калиниченко, З.Д.Ахметбекова 2017 жылдың 28 қарашасы күні «Психология» мамандығының 4 курс студенттерімен бірге ҚМПИ Студенттер үйінде күйзелісті көтере білу бойынша тренинг өткізді.
Шара Психология және дефектология кафедрасындағы СӨС апталығы аясында өткізілді. Студенттермен өткізілетін жұмыстың мұндай түрі дәстүрге айналды: жыл сайын жатақханада тұратын студенттер арасында күйзелісті көтере білу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғаның өсуіне ықпал ету тренингтері өткізіліп тұрады.
Оқу процесі барысында күйзелісті реттеп отыру қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарда қолданылатын әдістердің бірі психологиялық біліктілікті қалыптастыратын элементтері бар әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу болып табылады.
Күйзелісті көтере білуді қалыптастыру бойынша ұсынылған тренинг бағдарламсының негізгі мақсаты ең алдымен студенттердің күйзеліс орын алған кезде тиімді копинг-мінез стратегиясын дамыту болды.
Жұмыстың бірінші кезеңінде танысу, қолайлы психологиялық ахуал жасау және тренингтің кеңістігіне өту мақсатында арнайы жаттығулар өткізілді. Бұдан кейін күйзеліс тууы мүмкін және күйзеліс болатыны анық жағдайлар қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар барысында студенттер копинг-мінез дағдыларын меңгеруге, күйзеліспен күрестегі өздерінің жеке әдістерін ортаға салуға және психология оқытушыларына тақырыпқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында студенттердің психологиялық және эмоционалдық күйін бақылауға және студент жастардың күйзелісті көтере білуі және эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру бойынша атқарылатын жұмыстардың нобайын көруге көмектескен топтық рефлексия өткізілді.