«Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар» атты онлайн-конференция

2017 жылдың 29-шы қаңтарында психология және педагогика факультетінде Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге отырып «Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар қалыптастырады» атты онлайн-конференция өткізілді. Ең алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген психология және педагогика факультетінің деканы және осы конференцияның модераторы Айдналиева Н.А. болатын. Конференцияға қатысушылардың қатарында психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарының 1 және 3 курс студенттері болды. Конференцияда ЖОО-дағы тәрбие жұмысы жайлы сұрақтар қозғалып, студенттер өз ақпараттарымен бөлісіп, бір-біріне қойылған сұрақтарды талқыға салды.

Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығының 3 курс студенті Әбілхазы Гүлсум «Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар қалыптастырады» атты мақаласымен Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар» атты онлайн-конференция