ҚМПИ-да «Оқыту үрдісіндегі рефлексиялық қызметтің әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар-коучинг өткізілді
- Подробности
- Опубликовано: 20 декабря 2017
ҚМПИ 2017 жылдың 20 желтоқсан күні «Оқыту үрдісіндегі рефлексиялық қызметтің әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар-коучинг өтті, оны өткізгендер педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Өтегенова Бибикуль Мазанқызы және аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бақытжанқызы.
Семинарға факультет декандары, бөлім жетекшілері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты. Барлығы 50-ден аса адам болды.
Семинардың мақсаты: оқу сабақтарында рефлексия үрдісін түсіну және оқытушыларды рефлексиялық қызмет дағдыларына үйрету.
Семинарда топтар өзара әрекеттесуінің белсенді формасы ретінде құрылды. Әрбір кіші топ диалогқа, полилогқа және ынтымақтастықтың басқа түрлеріне шығу мүмкіндігіне ие болды.
Сабақ қарқынды түрде болды. Рефлексиялау әдістері бойынша бірқатар тапсырмалар орындалды. Семинар рефлексия құбылысы туралы тұжырымдамалық көріністің тереңдігінде, әртүрлі стратегияларды және рефлексия тәсілдерін қолданумен ерекшеленді. Семинар-коучингте Б.М. Өтегенова мысалдар, плакаттар, графикалық схемалар мен бейнефильмдердің фрагменттерін қолданды.
Семинар-коучингке қатысушылар семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, семинардың тақырыбы бойынша ынтымақтастықта одан әрі болатындықтарын атап өтті.