«Құқықтық мәдениеті»
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
2017 жылдың 8 желтоқсан күні психология және педагогика факультетінде оқитын «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттері топ эдвайзері Каирова Б.К. бірге «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде студент жастардың «Құқықтық мәдениеті» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына Чернявская О.М. қатысты. Бағдарламада студенттердің құқықтық сауаттығын көтеруге арналған викториналар, сұрақ жауаптар, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер талданып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында көріністер өткізілді. Бейне материалдар қаралып, қатысушы студенттермен бірге талдап, олардың жемқорлыққа қатысты ой-пікірлерін кеңейтті. Жалпы алғанда ашық тәрбие сағатының мақсатына қол жеткізіп, студентер жастардың құқықтық мәдениет деңгейіне тиімді ықпал етті.