«Тұлғаның жер бетіндегі тарихы» Ыбырай Алтынсарин - Қостанай жерінің көрнекті өкілі! Интернет-жобалар байқауында

2017 жылдың 28 желтоқсанында «Ыбырай Алтынсарин - Қостанай жерінің көрнекті өкілі» студенттік интернет-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың шарттары бойынша интербелсенді білім беру интернет-сайттарында туған жердің тарихы мен мәдениетін, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған жобаларды ұсынды.

Байқауға 6 авторларық жоба қатысты. Байқау жұмыстары жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және конкурстық номинацияларына сәйкестігі; жобаның мақсаттары мен міндеттерімен авторлар пайдаланатын интернет құралдар мен технологиялардың сәйкестігі; жобаның тиімділігі мен өзектілігі нақты топтарына жобаның тиімділігі мен өзектілігі нақты топтарына немесе тұтастай жергілікті қоғамдастыққа әсері және интернет-жобаны одан әрі дамыту мүмкіндігі критерийлері бойынша бағаланды.

Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік интернет-жобалардың авторларын іріктеді. Олар: Арыстан Нұралы - І орын, Адырбаев Темірлан және Тойғанбаев Рүстем - II орын, Қайырвали Нұрымжан - III орын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді.

Бұл жарыс интеллектуалды және шығармашылық әлеуетті дамыту, АКТ саласындағы құзыреттіліктерді жетілдіру және студенттік жастардың желілік мәдениетін көтеру үшін өзіндік алаң болды.

 

Данный конкурс стал своего рода площадкой для развития интеллектуально-творческого потенциала, совершенствования ИКТ-компетенций и повышения уровня сетевой культуры студенческой молодежи.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Тұлғаның жер бетіндегі тарихы» Ыбырай Алтынсарин - Қостанай жерінің көрнекті өкілі! Интернет-жобалар байқауында