Кел, балалар, оқылық...

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасы жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы орталық, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, 2017 жылдың 25 желтоқсанында облыстық Ы.Алтынсарин оқуларын өткізді. Байқаудың мақсаты жас ұрпаққа ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин мұраларын жеткізу және насихаттау және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсатына сай Ыбырай Алтынсарин шығараларын оқуға құштар облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған 32 оқушы бақ сынасты.

Қостанай, Рудный, Лисаковск,Жетіқара қалаларынан шалғай болса да, Аманкелді, Қамысты, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарасу,Қарабалық,Ұзынкөл,Таран аудандарынан оқушылар келіп қатысты. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын жатқа оқып, ұлы ағартушыға өз шығармашылығынан өлеңдерін арнады. Байқауға белгілі Ыбырайтанушы, профессор Серікбай Оспанұлы қазылық етті. Байқау нәтижесі бойынша Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқуға аса қызығушылық танытқаны үшін номинациялар, І,ІІ,ІІІ дәрежелі мақтау қағаздары және естелікке Серікбай Оспанұлының кітабы табысталды.

         Болашақта Ыбырай Алтынсарин мұраларын жатқа оқып, көңіліне тоқып, насихаттар ұрпағымыз көп болғай.

--

--

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз