Дүбірлі, дүлдүл дүние-ай!

2018 жылдың 30 қаңтар күні педагогика кафедрасы жанындағы Алтынсарин орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-де белгілі ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, қолөнер шебері Серікбай Оспанұлымен кездесу өткізді. Кездесуді педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақбота Жаңалыққызы ұйымдастырды. Кездесу кешіне лицейдің 7-8-сынып оқушылары және студенттер қатысты.

Кездесудің алғашқы бөлімінде Серікбай Оспанұлы Ыбырай Алтынсарин жайлы зерттеген еңбектерімен, жаңа деректермен, мақалаларымен таныстырып, тың ақпараттарды жеткізді. Кездесудің келесі бөлімінде оқушылар Серікбай Оспанұлының өлеңдерін жатқа айтып, ақынға өз өлеңдерін арнады, «Сағындым Алматымды» әнін барлығы қосылып орындап берді. Серікбай Оспанұлынан домбырамен ән шырқап беруін, ең алғаш жазған өлеңін оқып беруін сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Кеш соңында арнау өлең жазған оқушыға Серікбай Оспанұлы өз қолтаңбасымен кітабын табыстап, ақ тілектерін арнады. Кешті лицей директоры Бактияр Шайманұлы қорытындылап, Серікбай Оспанұлына алғысын білдірді.

Бүгінгі күн - ертеңгі тарих. Өз жерінің ұлы тұлғаларын таныту, еңбектерімен таныстыру біздің басты парызымыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз