«Педагогикалық инновациялар» халықаралық конкурсы
- Подробности
- Опубликовано: 30 января 2018
2018 жылдың қаңтар айында «Білім-Образование-Education» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығында «Педагогикалық инновациялар» атты Халықаралық конкурсы жарияланды.
Байқау «Үздік сабақ жоспары», «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік сабақтан тыс іс-шара», «Үздік электронды оқулық», «Үздік медиасабақ» номинацияларында өтті.
Конкурстың жеңімпаздары әрбір номинация бойынша келесі критерийлермен анықталды:
- максималды ұпай санын жинаған жұмысқа ГРАН ПРИ берілді;
- 1 орын - 90% немесе одан жоғары балл жинаған қатысушылар;
- 2 орын - ең жоғарғы ұпайдың 80-нен 89% -на дейін ұпай жинаған қатысушылар;
- 3 орын - ең жоғарғы ұпайдың 70-79 пайызын жинаған қатысушылар.
Конкурстың қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында «Үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясы бойынша Гран Приге педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Утегенова Бибігүл Мазановна және педагогика ғылымдарының кандидаты, Алтынсарин орталығының жетекшісі Карпыкова Галина Уразовнаның конкурстық жұмысы иеленсе, «Үздік медиа сабақ» номинациясының жүлделі ІІІ орыны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның жобасы иеленді.
Құрметті әріптестер!!! Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тілейміз!