Дені сау болу керемет!

2018 жылдың 1 ақпанында психология-педагогика факультетінің декан орынбасары Алипбаева Г.А. жетекшілігімен «Мейірімді жүрек» психология-педагогикалық факультетінің волонтерлері онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша онкүндіктің аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының өкілдерімен бірге «Март» сауда орталығында «Дені сау болу керемет!» деген атты іс шара өткізілді.

Осы іс-шараға Қостанай медициналық колледжінің студенттері және Қостанай онкологиялық диспансерінің қызметкерлері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты - онкологиялық аурулармен жағдайды жақсарту үшін қоғамның күштерін жұмылдыру, мәселеге қатысты көзқарасты өзгерту мақсатында қоғамның назарын онкологиялық ауруларға аудару.

«Мейірімді жүрек» волонтерлік қозғалысының қатысушылары флеш-моб ұйымдастырды және өткізді, сондай-ақ онкологиялық ауруларды алдын-алу туралы буклеттерді таратуға қатысты.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз