Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту – жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашу

2018 жылдың 9 ақпанында Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Заманауи білім – қоғамның рухани жаңғыруының негізгі факторы» атты Алтынсарин оқулары атты жылсайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде педагогика кафедрасы мен Ы.Алтынсарин атындағы орталық болды.

Аталған жиынның дәстүрлігіне қарамай, жыл сайын педагог-практиктер және зерттеуші-ғалымдар ортақ талқыға ең өзекті деген сұрақтар мен мәселелерді көтеріп, бай зерттеушілік тәжірибелерін көрсетті, жаңа білім беру мәселелерінің қосалқы шешу жолдарын ұсынды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында білім беру саласы өзінің инвестициялық жобаларымен және экспорттық әлеуетімен экономиканың бөлек бағыты болып танылды. Әсіресе білім беру бүгінгі қазақстандық қоғамның модернизациялауының кепілі болады. Сондықтанда барлық күш алғашқы қатарлы өзіндік білім бері жүйесін даярлауға, адами капиталдың сапалы болуына бағытталған.

Алтынсарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының мақсаты халықаралық кәсіби бірлестіктер білім беруді модернизациялауға қатысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді талқылау болып табылды.

Конференцияның мәселелелік алаңы келесі бағыттарда біріктірілді:

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге серпіліс болып табылады.
  2. Өскелең ұрпақтың басымдықтары мен рухани құндылықтарын қалыптастыру- қазіргі тәрбие жүйесінің шешуші миссиясы.
  3. Заманауи қоғамның рухани түрленуі жағдайында педагогтардың кәсібилілігін дамыту мәселелері

Конференцияға 200 астам адам қатысып, 56 қатысушы өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Жоғарғы оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектеп педагогтері Қазақстан Республикасындағы білім беру модернизациясының өзекті сұрақтарын белсенді талқылады.

Пленарлық отырыста баяндамалармен сөзс сөйлегендер: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы; Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасының жетекшісі, PhD докторы Даумова Батима Бексултановна; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Оспанов Серікбай; МГИМО МИД Ресей (Мәскеу қ.) профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бережнова Елена Викторовна; Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық ісінің еңбек ері, білім беру ісінің үздігі, облыстық маслихат депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты Ибраш Естаев. Ибраш Естайұлы форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің алдында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне ұлы ұстаз және ағартушы, Қостанай жерінің біртуар тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің атын беруді ұсынды.

Конференция қатысушылары өскелең ұрпаққа елжандылық және рухани-адамгершілік тәрбие беруде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының маңыздылығына назар аударды. Мемлекеттің өркендеуі тек қана саяси экономикалық әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты емес, ең алдымен, адамды тәрбиелеуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен, тарихи қалыптасқан менталитетімен байланысты. Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту - «Рухани жаңғыру» төңірегіндегі тәрбие жұмысының басты мақсаты.

«Қазақстан Республикасындағы білім мазмұнын жаңарту – жаңа білім мен мүмкіндіктерге қадам» атты бірінші секцияның отырысында баяндамалар және презентациялармен 26 конференция қатысушысы сөз сөйледі. Педагогтар өз сөздерінде жаңа білім беру талаптары жағдайындағы оқу және оқыту туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ерғалиева М. А. және Қостанай қаласы №5 мектеп-гимназияысның бастауыш сынып мұғалімі Есқожина А. Ш. Білім мазмұнын жаңарту білім беру мен оқыту тәжірибесін түбегейлі өзгерткендігін атап өтті. Педагогтар бастауыш сыныптардағы білім беру мен тәрбиелеуге қатысты жаңа әдістерді пайдалану бойынша тежістіктерімен бөлісті

Облыс мектептерінің мұғалімдері Фаткуллина Д. С., Валеева Д. С., Горжуй Л. Н., Қалиева Б. С. өз сөздерінде жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың білімін дамытуға септігін тигізетін білім беруді жаңарту жағдайындағы жаңа оқу ортасын қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Қостанай құрылыс колледжі» КГКП-нің арнайы пәндер бойынша оқыушысы Назаркенова К. Ж. және «Лисаковск техникалық колледжі» КГКП-нің арнайы пәндер бойынша оқытушысы Мурзакулова А. К. ТИПО жүйесіндегі оқыту тәжірибесінің жаңартылуы – интерактивті әдістемелер, рефлексивті оқыту және жаіа білім беру технологиялары туралы сөз қозғады.

Секция жұмысы барысында нәтижесінде жаңа білім мен мүмкіндіктерге жол ашатын Қазақстан Республикасындағы білім мазмұнын жаңарту үрдісінің өзекті мәселелері талқыланды.

«Өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтар мен басымдылықтарды қалыптастыру – заманауи тәрбиелеу жүйесінің негізгі мақсаты» атты екінші секцияда тәрбиелеу жүйесіндегі тұлғаның қалыптасуының заманауи стратегиясынық қалыптасуының маңыздылығы туралы сөз болды. Жаңа тәрбие берудің маңызы тұлғаның әр түрлі қоғамдық мәні бар салаларда үздіксіз рухани дамуға, құндылықтардың бағытталуына әсер ететін әр түрлі қоғамдық маңызды қызмет салаларыныда өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасау болып табылады. Бұл ой Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған оймен тікелей байланысты. Мақалада бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтар алға қарай қадам басып, қоғамдық сананы өзгертіп, жауапкершілікті және мықты адамдардан тұратын біртұтас ұлт болуы керектігі айтылады.

Секция жұмысында ҚМПИ-дың оқытушылары мен студенттері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, НЗМ-нің тәрбиешілері мен мүғалімдері қатысты.

Байжанова С. А., ДиСНО кафедрасының доценті, п.ғ.к. Досжанова А. А., Рудный қаласы №18 ОМ мүғалімі Джумабаева И. Т., НЗМ тәрбиешілерінің сөздерінде өскелең ұрпақтың құндылық бағыттарын қалыстастырушы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын жаңарту туралы идея айтылды. Педагогтар заманауи оқушылардың бойында гуманизм мен қоғамдық жауапкерішілік, аззаматтық, патриоттық тәрбиеге жағдай жасау тәжірибелерімен бөлісті.

ҚМПИ-дің бірінші курс студенті Идрисова А. М. және екінші курс студенттері Молдашева Ж. М., Идрисова Аййдананың баяндамалары да қызықты болды. Олар «Қоғамдық тәжірибе» қосымша сабағының студенттердің маңызды қызмет формаларын дамытудағы маңызы туралы айтып берді.. Молдашева Жанель Қостанай облысы, Әулиекөл ауданынының аумағындағы Ы. Алтынсарин мұраларын зерттеуге бағытталған өзінің ғылыми жобасы туралы ой бөлісті.

Қорытындысында Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері, еңбегі сіңген педагог Суйкина П. Б. сөз сөйледі. Үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар мұғалім өз сөзінде рухани-адамгершілік тәрбиенің жастардың бойындағы қалыптасуы мәселесінің маңыздылығы және халықтың рухани бастауларына жүгіну студенттердің бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың маңызы ретіндегі көтерілген тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

Үшінші секция заманауи қоғамның рухани өміріндегі трансформация жағдайындағы педагогтардың кәсібилігін дамыту мәселелеріне бағышталды. Секция жұмысы жаңа World Cafe форматында өтті және онда мұғалімдердің кәсіби үжымының өкілдері білім беруді модернизациялаудың стратегиялық міндеттері жағдайында педагогикалық біліктілігін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады

Жаңа World Cafe форматында ҚМПИ-дің студенттері мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Жұмыс топтық жұмыс форматында өтті. Секция қатысушылары заманауи оқытушылардың кәсібилігін жетілдіру мәселелерін талқытап, жаңа формациялы мұғалімнің тұлғасын қалыптастырудағы жобаларын ұсынды.

«Заманауи білім – қоғамның рухани жаңғыруының негізгі факторы» атты Алтынсарин оқулары атты жылсайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы – қатысқаны үшін сертификаттарды тапсыру және резолюцияларды қабылдау болды.

Конференция қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

  1. Қоғамдық сананы модернизациялау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында қоғамдық-мәдени мекемелер мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті жетілдіру.
  2. Педагогтардың кәсіби дамуындағы бағыттаудың инновациялық формасы ретіндегі ғылыми-білім беру консалтингінің мүмкіндіктерін кеңейту.
  3. Тәрбиелеу саласында «Рухани жаңғыру» мақаласының басымдылықтарын басшылыққа ала отырып, гуманистік, қоғамдық-позитивті құндылықтарға бағытталған рухани тұлғаны қалыптастыру жұмысын жалғастыру.

Сонымен қатар, форумның барлық қатысушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Ыбырай Алтынсарин атын беру туралы ұсыным хатты ҚР БҒМ жолдауды бір ауыздан қолдады.

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

\

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту – жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашу