"Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы арнайы білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының әдістемелік аспектілері"

2018 жылдың 23 ақпанында психология және дефектология кафедрасында "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы арнайы білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының әдістемелік аспектілері " атты әдістемелік семинар өткізілді.

Бұл әдістемелік семинарды өткізу мақсаты жаңартылған мазмұнды білім беру жағдайындағы арнайы білім беру жүйесінің әдістемелік аспектілерін талқылау.

Әдістемелік семинарға психология және дефектология кафедрасының оқытушылары және "Дефектология" мамандығының 3 курс қазақ және орыс бөлімінің студенттері, сонымен қатар арнайы білім беру мекемелерден шақырылған қонақтар: Қостанай облысы білім бөлімі әкімдігінің «Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған Рудный арнайы мектебі» КММ-нің бастауыш сыныптарының мұғалімі, дефектолог - Урускаева Эльвира Мухаметхановна және Шемельтуров Болтрик Серикович бейімдеу және емдік-сауықтыру дене шынықтыру мұғалімі; Қостанай облысы білім бөлімі әкімдігінің «Қостанай ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ - нің меңгерушісі - Шалтеев Ермек Рамазанович, Стадниченко Светлана Владимировна әдіскер; Қостанай обылысы білім бөлімі әкімдігінің басқармасы «Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған Қостанай арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің ПДТ сыныбының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі - Онуприенко Надежда Андреевна қатысты.

Семинар барысында мұғалім-дефектологтардың жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктері талқыланды.

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті. "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы арнайы білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының әдістемелік аспектілері " әдістемелік семинар жұмысына барлық қатысқанға сертификаттар берілді, осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізуге көмектесу үшін мектеп директорларына алғыс хаттар жіберілді.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы арнайы білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының әдістемелік аспектілері"