Қазақстандық білім беруді түбегейлі жаңғырту жағдайында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесі

Ағымдағы жылдың 26 ​​ақпанында Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінде өткізілген дөңгелек үстел-Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы жаңа мемлекеттік міндеттер аясында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесіне арналды. Дөңгелек үстел жұмысына мектеп мұғалімдері, студенттер - тыңдаушылар және ҚМПИ-ның педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Өтегенова Б.М және п.ғ.к., педагогика кафедрасы жанындағы Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың меңгерушісі Карпыкова Г.О. болды.

Дөңгелек үстелде заманауи қоғамдағы педагог кәсібінің беделін арттыру мәселесі бойынша пікірірлерін кең спектрін ашу, тиімді бейімдеуді жүзеге асыруда тәлімгерлер мектебін дамыту механизмдері және жас мамандардың өз мамандықтарын сәтті жалғастыру үшін маңызды тетігі ретінде қоғамдағы мұғалімнің имиджін дамыту, дөңгелек үстелде орта мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлауда шығармашыл және қабілетті түлектерді мұғалім мамандығына тарту мәселесі қарастылды.

Жас мамандарды қалыптастырудағы кәсіби және педагогикалық қолдау мәселесі Өтегенова Бибігүл Мазановнаның сөзі болды. Галина Оразовна Карпыкова педагогикалық институт студенттерінің кәсіби педагогикалық құндылықтарын қалыптастыру үдерісінің маңыздылығын атап өтті. №1 мектеп-лицейінің директоры Шарипова Сания Салимғалиқызы мектеп пен педагогикалық практиканы тиімді өткізудегі орта мектептің өзара байланысы мәселесіне тоқталды.1-деңгейлі сертификатталған педагог Остапенко Любовь Георгиевна мен Рахимова Эльмира Ерсалимқызы жас мұғалімдер мен мектеп оқушыларына тәлімгерлік тәжірибелерімен бөлісті, мұны жас мұғалімдердің мектепте сәтті бейімдеуіне ықпал етті. ҚМПИ-ның 4-курс студенті Юдина Алина мектеп-лицейдегі диплом алдындағы тәжірибенің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мұғалім мамандығының беделін жоғарылату мәселесін шешуге қатысты өз пікірлерін айтып, мұғалім мамандығына ең білімді түлектерді тарту үшін мектеп бітірушілерімен кәсіптік бағдарғабағытталған жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын талқылады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына және облыстың білім беру ұйымдарына мұғалім мамандығының беделін көтеру және мұғалімнің қоғамдағы позитивті имиджін арттыру үшін мәселелерді шешу үшін тәжірибелі оқытушылардың үздік инновациялық және шығармашылық іс-тәжірибелерін таныстыру бойынша ұсыныстар берілді.

Жұмысты қорытындылау бойынша дөңгелек үстелге қатысушыларға сертификаттар берілді.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қазақстандық білім беруді түбегейлі жаңғырту жағдайында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесі