«Менің отаным - Қазакстан»
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2018
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Қостанай қаласының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған арнайы білім беру қажеттіліктері бар, №2 мектеп-интернатында» «5В010500-Дефектология» мамандығының төртінші курс студенттері тәжірибе барысында 5 ақпан айында 2018 жылы психология және педагогика факультетінің Рухани-жаңғыру бағдарламасы шеңберінде бастауыш сынып мұғалемдерінің басшылығымен іс-шара өтті.
Бастауыш мектеп мұғалімдері Тулебаева А.Ф. Алекешова У.И. және Касаева М.Д. жетекшілігімен тәжерибеші-студенттер Кузьмина Мария, Байбулова Гульмира, Качко Ирина, Жантенова Жайнар «Менің отаным - Қазакстан» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Отан туралы идеясын, қалыптастыру және мектепке деген білім алуға оң көзқарас жасау.
Іс-шара бастауыш сынып оқушыларымен ойын негізінде өткізілді. Студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін,қазақ тілін білу, сөзжұмбақтарды болжау, «патриот» сөзін және республикамыздағы танымдық саяхат туралы тапсырмалары берілді. Байбұлова Гүлмира домбырада ойнап өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мұғалімдер «Алдар-көсе және бай-музыкант» атты көңілді сахна көрінісінде байқалды.
Сабақтар пәнаралық байланыста өтті: оқуға және сөйлеуге (поэманы оқуға), қолмен жұмыс жасауға (адамның суретен салу, жүректер), музыкаға («әрдайым күн сөнбесен»), бейімделген дене тәрбиесі (флеш-моб). Іс-шараның барлық кезеңдерінде студенттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі-түсті көрінетін тапсырмалары бар интерактивті тақта пайдаланылды. Іс-шара барысында жаттықтырушы қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді. Балалар өте белсенді болды. Іс-шараның өту барысы достықта ақпаратты қызықты, көңілді өтті. Интернат мұғалімдері болашақ түлектердің дефектология мамандығының кәсіби жұмысына дайын екендігін атап өтті.