Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 06 марта 2018
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлей отыра, Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамаларымен сөз бастады. Президенттің кең ауқымды әлеуметтік жобаларын талқылау барысында психология және дефектология кафедрасының оқытушылары әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
«Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» атты үшінші бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Оқытушылар адам ресурстарын инвестициялау бүкіл әлемдік білім беру қауымдастығында өзекті екенін атап өтті. Президенттің білім беруге қосымша гранттар бөлу туралы ұсынған шаралары орта мектеп түлектерінің жоғары біліммен қамтылуын арттыруға мүмкіндік береді, Бұл, әрине, жоғары білім беру жүйесінің дамуына және Қазақстанда бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға оң әсер етеді.
Президенттің университет студенттерін жатақханамен қамтамасыз етуге берген жауабы да құпталды. ҚМПИ-да студенттердің оқуы және тұруы жағдайына үнемі назар аударылуда. Дегенмен, студенттер ҚМПИ жатақханасында орын жетіспеушілігімен бетпе-бет келіп жатыр, демек, ҚМПИ ректоры Е.Әбілдің студенттік жатақхана құру бастамасы біздің жастарымыз үшін ақылға қонымды қамқорлық ретінде қабылданды.
Мемлекеттің жаңа шаралары барлық қазақстандықтар үшін елеулі әсері тиеді, біздің еліміздің барлық азаматтары үшін әлеуметтік бейбітшілік пен ұлттық өркендеудің қазақстандық моделін қалыптастыруға үлес қосатынына сенеміз.