Бастауыш мектептегі пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Шевченко Г.В. және Кушмурзина Д.Х. 2017-2018 оқу жылына рухани жаңғыру бағдарламасы аясында болашақ мамандарды көптілділік мемлекеттік саясатына сай даярлау мақсатында «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі» тақырыбында өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жоспарлап, жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізуде.

Пәндік-тілдік кіріктіре оқыту мақсатында 2018 жылдың 19 наурыз күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті Сайдалина Айнұр Саиновна өндірістік практикадан өтуі барысында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мұғалімі Нуркина Тамара Чайзатовна және ағылшын тілі мұғалімі Тулебаева Жансая Шайхықызымен біргеосы мектеп-гимназияның 2 «А»-сыныбында «Етістік. Глагол. Verb.» тақырыбында «Қазақ тілі. Орыс тілі. Шетел тілі» пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ үш тілде жүргізілді: қазақ, орыс, ағылшын.

Сабақта салыстыру тәсілі қолданылды: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі етістіктіңморфологиялық сипаттары салыстырылды.

Сабақ барысында келесі жұмыс тәсілдері мен түрлері қолданылды:

  • «Үн қатпа» дидактикалық ойыны – үш тілде;
  • сөзжұмбақ шешу;
  • «Артығын тап» дидактикалық ойыны – орыс тілінде;
  • өлең оқу және одан етістіктерді табу – үш тілде;
  • АКТ-ны қолдану арқылы сергіту сәті – ағылшын тілінде.

Жалпы сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Бастауыш мектептегі пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту