«Менің мамандығым – менің мақтанышым!» тақырыбымен әлеуметтік роликтер байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 06 апреля 2018
2018 жылдың 06 сәуірінде Психология және дефектология кафедрасы апталығы аясында «Педагогика және психология», «Психология», «Дефектология» мамандығының студенттері арасында Психология-педагогика факультеті деканының орынбасары Г.А. Алипбаева мен аға оқытушы З.Д. Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Менің мамандығым – менің мақтанышым!» тақырыбына әлеуметтік роликтер байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты және міндеті жастардың шығармашылық ұмтылыстарына қолдау көрсету және қабілеттерін дамыту, өзінің кәсіби біліктілік деңгейін білуге ынталандыру, білімін кеңейту және болашақ кәсібіне деген қызығушылығын қалыптастыру, жастардың рухани дүниесінің дамуына, белсенділік және азаматтық ұстанымдарын жүзеге асыруларына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Шараға кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шараның басында қатысушыларға өзінің құттықтауын жеткізуі үшін ҚМПУ психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А.Айдналиеваға сөз берілді.
Педагог-психолог, психолог, дефектолог мамандықтарына арналған үздік әлеуметтік роликтерді анықтау үшін құрамына психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.Н.Лиходедова, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және дефектология кафедрасының доценті Ш.С.Демисенова, PhD докторы, аға оқытушы А.А.Ташетов, психология магистрі, аға оқытушы О.В.Калиниченко, аға оқытушы Б.К.Каирова секілді кафедра оқытушылары енген қазылар алқасы тағайындалды.
Бейнероликтер қаралғаннан және қорғалғаннан кейін қатысушылардың алдында «Дефектология» мамандығының 2 курс студенті Нұрахмет Дана «Mamma knows best» әнін орындады.
Қатысушылардың арасында бірінші орынды «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 2 курс студенттері иеленді (орыс бөлімі, «Моя профессия – психолог …Или призвание это есть?» ролигі). Екінші орынды «Дефектология» мамандығының 4 курс студенттері иеленді (орыс бөлімі, «Пойдем по жизни вместе» ролигі). Үшінші орынды «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері иеленді (қазақ бөлімі, «Рухани жаңғыру» ролигі).
Қалған қатысушылар келесі мамандықтардың студенттері: «Педагогика және психология» 1 курс, қазақ бөлімі, «Маман иелері» ролигі; «Дефектология» 1 курс, орыс бөлімі, «Второе дыхание» ролигі; «Дефектология» 1 курс, қазақ бөлімі, «Солнечные дети» ролигі; «Дефектология» 2 курс, қазақ бөлімі, «Есть такая профессия любить чужих детей» ролигі.
Барлық қатысушыларға грамоталар тапсырылды, ал 1, 2, 3 орынды иеленген студенттерге тәтті сыйлық – торт берілді.
Шараның әдістемелік деңгейі жоғары болды, қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау жастарға азаматтық-отаншылдық тәрбие беруге және студенттердің таңдап алған мамандықтарының оң беделін арттыруға ықпал етті.