Құттықтаймыз!

Қазақ тілінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үлін, соның ішінде қазақтың ұлы ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеп, жарыққа шығарған еңбегі үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Г. Бекназарованың ықылас хатымен марапатталды.

Серікбай Оспанұлы – қазақтың әйгілі ақыны, «Жер жүрегі», «Жарқын жастық», «Қоңыраугүл», «Айгүл», «Алтын арқау», «Батыр туралы баллада» атты өлең жинақтарының және басқа да көптеген жинақтардың авторы. Қазақстан жазушылары Одағының және де Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, көптеген халықаралық, республикалық, аймақтық ірі байқаулардың лауреаты. Оның қаламына басым көпшілігі халық әні болып үлгерген 200-ден аса әндер тән. Автордың шығармалары өз уақытында бастауыш мектептің 2, 3, 4 сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулығына енген болатын.

Серікбай Оспанұлы – әйгілі ғалым, «Сырбай Мәуленов – журналист, публицист», «Ахмет өскен ақындық орта», «Қазақ ақындарының публицистикасы», «Журналистикаға кіріспе», «Ұлы ұстаз ұлағаты», «Неугасимое пламя», «Ақындар әлемі», «Алтынсарин әлемі» сияқты бір қатар ғылыми еңбектердің авторы. Ол тіл білімі, публицистикаәдебиет, өлкетану мәселелері жайлы 80-нен аса ғылыми мақалалар жазып, жарыққа шығарған. Оның ғылыми әңбегінің бір бағыты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі және қызметі туралы зерттеулер.

Педагогика кафедрасы Серікбай Оспановты құттықтай отырып, оған шабыт, шығармашылығында үлкен жаңалықтар мен жаңа жеңістер тілейді!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз