«Мектеп-ЖОО» әлеуметтік серіктестігі жағдайында білім берудегі инновациялар
- Подробности
- Опубликовано: 21 сентября 2018
2018 жыл қыркүйектің 21 жұлдызы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жоғарғы білім беру саласындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағы: білім берудің ортақ бағдарламалары» атты университеттік білім беруді дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдарламаларын жасаудағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Болгариялық, Румыниялық, Голландиялық, Ресейлік серіктестердің хатысуымен Халықаралық форум өтті.
«Төртінші өнеркәсіптік даму жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласы өзінің инвестициялық жобалары және экспорттық потенциалы бар жеке сала ретінде көрсетілген. Қазақстандық қоғамды жаңғыртуды сәтті жүзеге асырудың кепілі қазіргі таңда білім беру саласы болып тұр. Сондықтан да барлық күш адами капиталды дамытуға бағытталған жеке алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламасын жпсауға жұмылдырылып отыр.
Форум шеңберінде ҚМПУ педагогика кафедрасы «Мектеп-ЖОО» білім беру кеңістігінде инновацияларды басқарудағы әлеуметтік серіктестіктің рөлі» тақырыбында облыс мұғалімдері қатысуымен диалогтік алаң өткізді. Іс-шараның ұйымдастырылуында Е. А. Онищенко басқаратын педагогикалық шеберлік орталығы филиалы үлкен көмек көрсетті.
Диалогтік алаңда білім беру Басқармаларының жетекшілері, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының бастықтары мен мамандары, мектеп директорлары, сертификатталған мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, ЖОО және колледждердің кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.
Ынтымақтастықтың және облыс, қала мектептерімен әлеуметтік серіктестіктің тиімді формаларын талқылау алаң қатысушыларына зерттеу тәжірибесінің тақырыбы болды.
Диалогтік алаң жұмысы барысында мектеп пен ЖОО үздіксіз қарым қатынасының мазмұнын жаңғыртуға байланысты негізгі мәселелер мен перспективалар, критерийлер, принциптер мен ұстанымдар талқыланды
Педагогтар және ЖОО оқытушылары шағын топтарда «әлемдік кафе» технологиясы бойынша 4 бағыт бойынша – зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жұмысы бойынша білім алушыларға көмек беру, қатысушылардың өзіндік анықталуы және оларды бағыттау, болашақ педагогтарды тиімді практикасы өздерінің жобаларын қорғады
Дөңгелек үстелдің жұмысында баяндама оқығандар: Өтегенова Б. М. педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты «Үздіксіздік ғылым, білім беру және мектептің өзара әрекеттестігі жағдайындағы заманауи кәсіби білім берудің стратегиясы ретінде», Онищенко Е. А. Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры «мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру Мектеп пен ЖОО әлеуметтік серіктестігі ретінде», Быкова Ю. А. Рудный қаласы №4 орта мектебі тарих пәні мұғалімі «Қатысушылардың олимпиадаларға және зерттеушілік жұмыстарға дайындалуында педагогтарға кәсіби көмек», Шоканова Л. Ш. Лисаковск қаласы аудандық әдістемелік комитеттің меңгерушісі «Қатысушылардың кәсіби анықталуында сыртқы бацланыстарды пайдалану», Шарипова С. С. Қостанай қаласы №1 мектеп-лицейінің директоры «Педагогикалық ЖОО-мен қарым-қатынас және студенттердің практикасы».
Диалогтік алаңда әдістемелік ұсыныстар қабылданды:
- тәжірибеден өтуші мұғалімдерге институт қауымдастығының тәлімгерлігімен және де педагогикалық жоғары оқу орындарының ресурстарын жұмылдыру арқылы сол ұйымдар тарапынан ерекше көңіл бөле отыра педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуын жалғастыру;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларын жұмылдыру арқылы тиімді тәлімгерлік пен кураторлықты ұйымдастыру;
- тәжірибелік эксперименталды жұмыстарды өткізу бойыншажүйелі жұмыстарды, ғылыми семинарларды, ғылыми конференцияларды, жеке консультацияларды ұйымдастыру арқылы педагогтардың рефлексивті-аналитикалық мәдениетін дамыту
Форум нәтижелері жоғары білім беру ұйымдарының ұйымдастырушыларына, мектептерге, облыстық білім беру Басқармаларына, өз мекемесіндегі ортақ бағдарламаларды жасау мен жетілдіруге мүдделілерге көмек есебінде теориялық негіз бен практикалық басшылық ретінде ұсыныстарымен ғылыми мақалалардың электронды жинағында жарияланатын болады
Диалогтік алаң қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.